Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

Фото: olympic.kz

Екатерина Таранцева Сиасиде өтіп жатқан Азия чемпионатында байдарка-бірлікте күміс медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайдың Сиаси қаласында ескекпен жүзуден (слалом) Азия чемпионаты басталып, алғашқы күні-ақ Қазақстан құрамасы қоржынына жүлде бұйырды.

Әйелдер арасындағы байдарка-бірлік сайысында Екатерина Таранцева күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 104,82 секундтық нәтиже көрсетіп, құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл жүлде — ұлттық құрама үшін биылғы жарыстағы алғашқы медаль.

Биылғы Азия чемпионатына Қазақстан құрамасынан тоғыз спортшы қатысуда, олар жеке және командалық жарыстарда бақ сынайды.

Жарыстар Сиаси қаласындағы Цюшуй өзенінде өтіп жатыр және 17 тамызда мәресіне жетеді.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 13:20
Талқылау