Қазақстандық еркін күресшілер Азия чемпионатында үш алтын жеңіп алды
Еркін күрестен Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық еркін күресшілер бес салмақ дәрежесінде медаль үшін таласты. Қазақстандық үш спортшы тұғырдың ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Турнир Алматыда өтті.
Азия чемпионатының соңғы күнінде кілемге еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Олег Болтин шықты. Ол 125 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Финалда Болтин қырғызстандық Айаал Лазаревпен кездескен болатын. Кездесу соңына дейін қарсыласынан ұтылып жатқан қазақстандқ балуан соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.
Құрама үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов та қоржынға алтын салды. 74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ал 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Адлан Асқаров финалда жеңіліп қалды. Ол өзбекстандық Жахонгирмырза Туробоевқа 14:9 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талғат Сырбаз алтын алды. Ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесіп, 6:2 есебімен жеңді.
97 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әлішер Ерғали финалда ирандық Али Халил Шабанибенгармен кездесті. Белдесуде қазақстандық спортшы 12:2 есебімен жеңіліп, күмісті місе тұтты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
