Қазақстандық Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды
Словенияның Поклюка таулы аймағында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Ербол Хамитов пара биатлоннан алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

12,5 шақырым қашықтықта жекелей сында сайысқа түскен қазақстандық спортшы дәлдікпен атып, белгіленген аймақты керемет жылдамдықмен жүріп өтті. Нәтижесінде Хамитов мәреге 35:29,01 уақытта жетіп алтыннан алқа тақты.
Бұл сында екінші орынды канадалық Дерек Заплатонски (35:36,33) иеленсе, үшінші орын америкалық Аарон Пайкке (35:37,8) бұйырды.
Айта кетейік Ербол бұған дейін дәл осы бәсекеде 7,5 шақырымдық спринт сайысында қола жүлде еншілеген еді.
2023 жылы Хамитов Швецияның Эстерсунд қаласында өткен әлем чемпионатында спринт жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

