Қазақстандық ер адам алимент төлемес үшін қитұрқы жоспар ойлап тапқан
Батыс Қазақстан облысында әке балаларына алимент төлемеу үшін төлқұжатының деректерін өзгертіп, Ресей азаматтығын алып, төлемдерден жалтарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы ІІД көші-қон қызметінің мәліметінше, 48 жастағы ер адамға алимент төлемегені үшін іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Ресейде тегі мен әкесінің атын өзгерткені, содан кейін Ресей паспорты мен азаматтығын алғаны анықталды.
Мәліметтерді алмастыру арқылы ер адам Қазақстан шекарасын бірнеше рет кесіп өтіп, құқық қорғау органдары мен шекара қызметтерін жаңылыстырған.
"Қос азаматтық фактісі расталып, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот тәртіп бұзушыға 540 мың теңге айыппұл салды", – делінген ІІМ хабарламасында.
Сондай-ақ департамент 2024 жылы қос азаматтықтың 57 фактісі анықталғанын, полиция мұндай заңбұзушылықтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген