Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатын бір ғана жүлдемен аяқтады
Фото:kaz_judoteam
Лимада (Перу) 5-7 қазан аралығында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің намысын 18 татами шеберлері қорғады. Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіде бақ сынаған Дана Әбдірова ақтық сынға жолдама алған еді. Алайда жерлесіміз шешуші сында жапон қызына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал өзге дзюдошылар түгел дерлік жүлдеден тыс қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыстың екінші күнінде Омар Нұрбергенов (-73кг), Дильназ Досберген (-63кг) және Көркем Орымбек те (-70кг) алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Байрақты доданың соңғы күні аса ауыр салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Асқар Біржанов қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Үшінші орын үшін тартыста өзбек балуаны Мұхаммадали Зоировқа жол берді. Осылайша жас дзюдошылырамыз әлем чемпионатынан небәрі бір ғана күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік бұл бәсекеге әлемнің 65 елінен 463 спортшы бақ сынап, жүлделер жиынтығын сарапқа салды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген


