Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан Перудің Лима қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Санжар Ерұланұлы қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз моңғолиялық Мунгун Учрал Ууганбаярды грузиялық Гиорги Гелашвилиді және украиналық Аркадии Смаиловты жарыс жолынан шығарды. Ал финалда украиналық спортшы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппонмен жеңді.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жастағы балуан бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогын ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогінде күміс жүлдегер атанып үлгерген еді.

Талқылау