Қазақстандық дзюдошы өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап беріп, елді таңдандырды
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова өзіне қойылған орысша сауалға қазақша жауап беріп, жұртщшылықты тәнтті етті. Спортшының журналисттерге беріп жатқан сұхбатынан үзінді желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кадрларда журналист орыс тілінде спортшыға кішігірім жарақаты ойынға кедергі келтірді ме деген сауал қойған. Спортшы еш кедергі болмағанын, бұндай жарақаттарға үйреніп қалғанын айтып, толықтай қазақша жауап берген.
Журналист қойған екі сауалға да толықтай ана тілінде жауап берген спортшы көпшілікті сүйсіндірді.
"Олар сұрақтарға қазақ тілінде ғана жауап береді. Осылайша дзюдошылар мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Әлемдік аламандарда топ жарып қана қоймай, тілге деген өз үлестерін қосып жүр. Сұхбаттарын қазақша береді. Сол себепті басқалар амал жоқ аударып алуға мәжбүр" , - деп жазды журналист Аслан Қаженов өзінің Facebooк парақшасында.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ