Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат дүкеннен алған торттан адамның тісін тауып алды

Қазақстандық дүкеннен алған торттан адамның тісін тауып алдыФото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған торттан адамның азу тісін тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылының тұрғыны Владимир Медведев елдімекендегі азық-түлік дүкенінен кондитерлік өнімді сатып алған. Тортты кесіп жатқанда ортасынан адамның азу тісін алып шыққан. Тіпті бұл жайтты видеоға түсіріп, желіге жариялапты.

Қазақстандық болған жайттан кейін тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне шағым түсірген.

Компания өкілдері мәселені жылы жабуды өтініп, тұрғынға моральдық өтемақы ұсынған көрінеді. Ал кәсіпкер тұтынушы менен ақша бопсалады деп полицияға арыз жазыпты. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

“Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасы бөлімі бастығының орынбасар Махаббат Әбжанова.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 11:34