Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында Әлихан Бөкейхановты еске алды
Қазақстандық дипломаттар Мәскеудегі Дон зиратында "Алаш" партиясының негізін қалаушы әрі ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхановты еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туған күніне орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің дипломаттары оның Дон зиратындағы сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген жаппай бейітке гүл шоқтарын қойды”, – делінген ақпаратта.
Шараға Бөкейхановтың немере інісі, Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетінің профессоры Нұрым Бөкейханов қатысқаны айтылады.
- "Әрбір санның артында бір тағдыр тұр": Тарихшылар саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтаудың тарихи маңызы туралы айтты
- "Төре әулетіндегі шоқынған жалғыз адам емеспін": Қазақстандық бойжеткен руының тарихы, негізгі заңдылықтары мен шежірелері туралы айтты
Алаш партиясы жетекшілерінің бірінің жерленген жері 1990 жылдардың басында "Атылу тізімдері: Дон зираты. 1934-1940" кітабы жарыққа шыққаннан кейін ғана анықталды.
Әлихан Бөкейханов – "Алаш" ұлттық демократиялық партиясының негізін қалаушы және жетекшісі, саяси және қоғам қайраткері, педагог, журналист және этнограф. 1937 жылы 27 қыркүйекте атылып, мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовпен бірге жерленген, ол да атылған.
1989 жылы мамырда КСРО Жоғарғы сотының жарлығымен Бөкейханов қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
