Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қашанғы қазан-ошақтың қасында жүреміз": 65 жастағы диджей әже енді түнгі клубтарға шақырту алып жатыр

Қазақстандықтардың көзайымына айналып үлгерген диджей әже неліктен музыка саласына бет бұрғанын түсіндірді. Айтуынша, өзінің мамандығы тым бөлек. Сондай-ақ, бүгінде ұл-қызы ер жетіп, өзі жеке пәтерде тұрып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан арнасының «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап. 

әже

«Шын жасым 65-те, бірақ көңіл-күйім 18-дегі қыздай. Қазір үйде отырамын. Барлық бала өсіп кеткен соң, үйде не істейсің? Музыканы әрі-бері жүріп балалардан естігенмін. Бірінші рет арбатта өнер көрсеттім. Енді мені түнгі клубтарға шақырып жатыр. Біздің кезімізде көп арман орындалмай қалды ғой. Қашанғы қазан-ошақтың қасында жүреміз? Мен секілді кемпірлер мен құрдастарым «Ой, ұят болады» деп айтады. Бір-бірден ол жаққа кетіп жатырмыз. Ал мен кеткім келмейді, әлі жаспын. Жаңадан осылайша өмір сүргім келеді. Бойымда бұғып жатқан талант бар», - деді кейуана. 

Алайда диджей әже өзінің мамандығын жасырып қалуды жөн көрді. Айтуынша, оның музыка саласына еш қатысы жоқ. Осы күнге дейін өзіне 200-ден астам ұсыныс түскен-ді. 

«Екі жерге ақшаға шақырды. Ендігі жоспарым – шақырған жерлерге барып, өнерімді көрсету: билеймін, ән саламын, ойнаймын, бәрін жасай аламын. Балалардың барлығы үлкейіп кетті, үйге немерелерім келіп тұрады. Музыканы ерекше жақсы көремін. Ал түрімді беташар жасаған соң бірақ көрсетемін», - деп әзілдеді қария. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған бағдарламада модель Динагүл Тасова неліктен отаның көмегіне жүгінгенін ашып айтқан еді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қазан, 2019 18:30
Талқылау