Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутатқа 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынды

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ресейге барса, 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Депутат ресейлік журналист Тина Канделакиді Қазақстанға кіргізбеу туралы шешім өте орынды екенін жеткізді. 

"Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакиді нон-грата персонасы деп жариялады. Бұл –дұрыс шешім. Ол үшін сөз ысырап етіп, эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Мен де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы саналамын. Шекарадан өтсем, федералдық қауіпсіздік қызметі 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартады. Беларуссияда да солай... Ешкім ештеңе түсіндірмеді". – деп жазды депутат. 



Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп айыптаған еді. Оның бұл айыптауына журналист Динара Сәтжан жауап берді. 

Сондай-ақ Тина Канделакиге осы мәлімдемесінен соң Қазақстанға кіруге тыйым салынған.

Талқылау