Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық депутат балаларды қорғау күнін ресми түрде мерекелік демалысқа айналдыруды ұсынды

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Света Абдраманова қазақстандық күнтізбеде тағы бір мерекені демалыс күніне айналдыруды ұсынды. Айтуынша балаларды қорғау күні ата-аналар да демалып, уақытын балаларымен бірге өткізуі қажет. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Павлодарлық белсенділер бұл ұсыныспен Amanat партиясының орталық аппаратына және тиісті мемлекеттік органдарға жүгінді.

Облыстық мәслихат депутатының, облыстық партия филиалының әйелдер қанаты төрағасының пікірінше, бұл бастама қазіргі қоғамның мәселелеріне байланысты туындап отыр.

"Жасыратыны жоқ, бүгінде интернет пен гаджетті ата-аналарға қарағанда балалар көбірек қолданады. Бұрын біз балаларды қорғау күнінде ата-анамызбен болатынбыз. Ал қазір бұл күнде не істеу керегін балалардың өздеріне қалдырады. Бұл өте жақсы дүние емес. Біздің ұсынысымыз 1 маусымды демалыс күні ету. Сонда ата-аналар бұл мерекені балаларымен бірге тойлай алады", - деп түсіндірді депутат.


Талқылау