Қазақстандық дәрігерлер жаппай шетелге кетіп жатыр: Министрлік түсіндірді
Фото: pixabay.com
Қазақстандық дәрігерлер жаппай шетелге кетіп жатыр. РБК Омбы порталы таратқан ақпарат бойынша, Ресейдегі бір ғана Омбы облысында 46 қазақстандық дәрігер жұмыс істейді екен.
Дені - хирург, уролог, акушер және онколог мамандар. Ақпаратты министрілк түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еңбек және Денсаулық сақтау министрліктері мұндай статистика жүргізбейді екен. Оқу бітірген жас мамандарды жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр деп отыр.
Аружан Қожабекова гинеколог мамандығын тәмәмдаған. Қазір жұмыссыз.
"Жас мамандар, дәрігерлер күні-түні адамның өмірін сақтап қалу үшін барлық еңбектерін көрсетіп, тырысады. Бірақ, сол еңбек қажетті деңгейде бағаланбайды. 10 жыл оқимыз, стажировкадан өтеміз. Сондай ұзақ уақыт оқысақ та жалақы төмен берілетіні жанымызды қынжылтады”, – дейді ол.
Аружанның пікірінше, жылдар бойы оқыған дәрігер лайықты табыс тауып, үй ала алмаса мамандыққа деген қызығушылығы өшеді. Сондықтан, түлектер не шетел асып, болмаса жекеменшік емханаларға кетеді. Кейбірі тіпті, дипломын сандыққа салып қойып, өзге іспен айналысады.
"Шетелдегідей болмаса да күнделікті өмірімізге жететіндей, жеп ішетін тамағымызды ойламауға, төлейтін ипотекамызды жаба аламыз ба, жоқ па деп ойламайтындай, бала-шағамыз ертең не киеді деп жүрмейтіндей, алаңдамайтын жағдайлар жасалатын болса онда тек қана дәрігерлер ғана емес, барлық жоғары мамандандырылған мамандарымыз, азаматтарымыз елімізде қалады”, – дейді ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев.
Алайда, денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамады. Сөздерінше, бүгінде елдегі маман тапшылығы мәселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Мәселен, былтырдың өзінде оқу бітірген 2600-ге жуық түлектің 96 пайызы жұмыспен қамтылыпты.
"Елімізде тапшылық көздері бар әрине, бірақ салыстырмалы түрде қарар болсақ, 2023 пен 2024 салыстырсақ, дәрігерлер тапшылығы төмендеді. Яғни, оқуын аяқтап жатқан мамандар жұмысқа орналасып жатқандықтан көрсеткіш айтарлықтай үлкен болған негізі тапшылық, қазір ол ақырындап төмендеп келе жатыр”, – дейді ДСМ ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Еркебұлан Баязитов.
Жауапты ведомство өкілінің сөзінше, бүгінде ақ халаттыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Мысалы, биылдан бастап ауылды жерлерге барып, еңбек етем деген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге көлемінде бір реттік көтермеақы беріледі.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық дәрігерлер мен медбикелерге енді видеожетон берілетінін жазғанбыз.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
