Қазақстандық дәрігерлер мен медбикелерге енді видеожетон беріледі
Фото: digitalbusiness.kz
Қазақстанда емхана мен ауруханалар қызметкерлері үшін видеожетондар енгізу жоспарланып жатыр. Мұны денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылдың желтоқсан айында министр жедел жәрдем қызметкерлері үшін видеожетондар шығарылатынын хабарлады. Жоба қазір Астана мен Алматыда пилоттық режимде жүзеге асырылды. Осы жылдың соңына дейін басқа қалаларды қосу жоспарланып жатыр.
"Біз бұл механизмді жедел жәрдем үшін ғана емес, басқа мамандарымыз үшін де кеңейтуді қарастырып жатырмыз... Жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мәселені қазір бұйрыққа енгіздік, енді екінші кезең ретінде амбулаторлық-емханалық қызмет деңгейінде дәрігерлер мен медбикелердің қауіпсіздігіне арналған жетондарды енгізуді қарастырып жатырмыз", – деді Әлназарова үкімет отырысында.
Қазақстандықтар үшін жұмыс күндері жедел жәрдем шақыру шектеледі: Жаңа ережелер
Медициналық ұйымдар мен әкімдіктер видеожетондарды сатып алады деді ол.
Жобаны жүзеге асырудың нақты мерзімі әзірге белгісіз. Министрдің айтуынша, ведомствоға нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу үшін үш ай уақыт қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік белгілеу туралы ұсыныс енгізді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік.