Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластарын білді
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev
Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсеке Тайланд астанасы Бангкок қаласында 1–11 тамыз аралығында өтеді. Құрлықтық бәсекені World Boxing ұйымы өз тарихында алғаш рет ұйымдастыруда.
Қазақстан құрамасы спортшыларының жеребе нәтижесінде алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.
1/8 финал:
-
50 кг: Нұрзат Оңғаров (Қазақстан) — Вики Тахумил (Үндістан)
-
55 кг: Бексұлтан Боранбек (Қазақстан) — Самандар Олимов (Өзбекстан)
-
60 кг: Нұрислам Қалдыбаев (Қазақстан) — Сеунг Хун Ио (Оңтүстік Корея)
-
65 кг: Илья Калинин (Қазақстан) — Прит Малик (Үндістан)
Ширек финал:
-
70 кг: Нұрбек Мұрсал (Қазақстан) — Үндістан – Филиппин жұбының жеңімпазы
-
75 кг: Аман Қонысбеков (Қазақстан) — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
-
80 кг: Санжаралы Бегалиев (Қазақстан) — Сеонгву Жанг (Оңтүстік Корея)
-
85 кг: Азатбек Жолдасхан (Қазақстан) — Роки Чаудхари (Үндістан)
-
90 кг: Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Куо Чао (Қытай)
-
90+ кг: Нұрасыл Асылхан (Қазақстан) — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасын Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
