Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы чемпион титулынан айырылуы мүмкін

Қазақстандық боксер Бейбіт Шүменов ауыр салмақ бойынша чемпион титулынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Бейбіт Шүменов

Бұл шешімге Әлемдік боксшылар ассоциациясы (WBA) мәлімдеді. Оған себеп бокшының белсенді еместігі болған көрінеді. Шүменов 15 айдан бері рингке күш көрсетуге шықпаған.  

Дегенмен Оңтүстік Африка республикасының боксшысы Кевин Лерена WBA-ның чемпион титулын иеленуге бақ сынауы мүмкін екендігі де жоққа шығарылмады. Ол үшін Лерена германиялық Фират Арслан мен бельгиялық Рияд Мерхиді жеңсе болғаны. 

Бұған дейін Қазақстандық боксшы "Жыл жаңалығы" мәртебесіне ие болғаны айтылған еді. 

 

 

 

Талқылау