Қазақстандық блогер әскерилердің қазасы туралы видеосы үшін сот алдында жауап берді
Ақмола облысында әлеуметтік желіде әскери қызметкерлердің қазасы туралы видео жариялаған блогердің ісі сотта қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Рexels.com
Блогерге әскери қызметкерлердің қазасы туралы жалған ақпарат жариялап, таратты деген айып тағылды. Полиция қызметкері осыған байланысты құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Алайда келесі себептерге байланысты айыпталушыға қатысты іс тоқтатылды:
– Әкімшілік жауапкершілікке тартылып отырған тұлға бейнежазбаның авторы болып табылмайды;
– Жарияланған ақпарат ресми көздерден алынған;
– Әскери қызметшілердің өлім-жітім статистикасын әскери прокуратураның өкілі ҚР Парламент Сенатының отырысында жариялаған;
– Г. жалған мәліметтерді әдейі жариялағанын растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынылмады;
– Ақпаратты ведомство өкілі жария еткені айғақтар мен бейнежазбамен расталды.
“Сот әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның видеоның авторы емес екенін анықтады. Ақпарат ресми дереккөздерден алынған. Жарияланған ақпаратты, яғни әскери қызметкерлер өлімінің статистикасын Сенат отырысында әскери прокуратура өкілі жария еткен”, – делінген хабарламада.
Блогердің құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі дәлелденген жоқ және әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыс құрамы жоқ. Сондықтан блогерге қатысты іс тоқтатылды.