Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бітімгершілер Голан жоталарында тәуелсіз миссиясын бастады

Қазақстандық бітімгершілік күштері Голан жоталарында тәуелсіз миссиясын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Голан жоталарындағы БҰҰ миссиясының жауапты аймағында орналасқан Фауар бітімгершілік базасында Қазақстанның бітімгершілік контингентіне Ұйым туын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарсыласуды бақылаушы күштері миссиясының басшысы генерал-лейтенант Құрмал Нирмал және оның құрамында әрекет ететін бітімгершілік контингенттерінің жетекшілері қатысты.

"Миссияның запастағы командирі болу үлкен мәртебе. Сізге кәсіби дайындық пен тиісті құзыреттіліктерді талап ететін аса жауапты міндеттер жүктелді. Сіздің бөлімшеңіз Ирландияның бітімгершілік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде атқаратынына сенімдімін", - деді генерал-лейтенант.

Жалпы құрамда салтанатты жағдайда Ирландия бөлімшесінің бастығы подполковник Оливер Клиар БҰҰ туын Қазақстан ұлттық контингентінің қолбасшысы, подполковник Жігер Айыповқа тапсырды.

"Біріккен Ұлттар Ұйымының туы тапсырылған сәттен бастап біздің бөлімше Голан жоталарындағы миссияның толыққанды қатысушысы болды. Қазір біз жүктелген міндеттерді мақсатты түрде орындауға кірісіп жатырмыз", - деді подполковник Жігер Айыпов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгершілік контингенті аумақты патрульдеу, бақылау-өткізу пункттерін нығайту және соғысушы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау және БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық бітімгершілер "БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" құрамында Голан жоталарына шығарып салынғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ Қарулы күштер бітімгерлері 16 наурызда Фауар бітімгершілік базасына жеткен еді. 

Талқылау