Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық белсенділер ел азаматтарын "әділетсіз сайлауға қарсы" бірігуге шақырды

Қазақстандық белсенділер сайлау қарсаңында "Азаматтық балама" атты платформа құрып, "әділетсіз сайлауға қарсы" халықты бірігуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ХАҚ қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева, белсенділер Димаш Әлжанов, Әлнұр Ильяшев, саясаттанушы Дастан Қадыржанов және құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов ортақ мәлімдеме таратты. Онда авторлар Қазақстанда бірде-бір рет әділ сайлау өтпегенін және қазіргі биліктің тәуелсіз партияларды тіркемей, билікті сынайтын саясаткерлер мен белсенділерді қудалап жатқанын атап өткен.

"Олар бізді, таңдау құқымыз бен мемлекетті басқаруға қатысу құқығымыздан толық айырды. Қолданыстағы Конституцияда "биліктің қайнар көзі - халық" делінгенмен, дәл қазір халық биліктің шынайы көзі болудан қалды", - делінген мәлімдемеде.

Белсенділер ел азаматтарын 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне барып, бюллетеньдегі барлық партияны сызып тастауға шақырды. Ал өздері тәуелсіз ұйымдармен бірігіп, сол сызылған дауыстарды санау жүйесін ұйымдастырады.

Жалпы, көптеген қоғам белсендісі мен саясаткерлер, алдағы сайлау билік сценариіне сәйкес өтетінін айтып отыр. Осыған орай халықтан түрлі шаралар қабылдауды сұрайды.

Мәселен, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов "Ақ жол" партиясын қолдауға шақырды. 

Ал тағы бір топ "Нұр Отаннан" басқа кез келген партияға дауыс беруды ұсынды. Елдегі "жалғыз оппазициялық" Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы болса, сайлауға бойкот жариялауға үндеді.

Бұған дейін Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясының мәжіліс пен мәслихатының жалпыхалықтық сайлауын ұйымдастыруға қатысты жаңа қаулысы сынның астында қалғаны хабарланды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Желтоқсан, 2020 17:46
Талқылау