Қазақстандық балуан дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан қола жүлде үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар қола жүлде үшін күресу мүмкіндігіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта Орынбасар италиялық Винченцо Манферлоттиді жұбаныш айналымында таза жеңді. Осылайша, қазақстандық дзюдошы қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның қарсыласы Әзербайжаннан келген Низами Имранов болмақ.
Айта кетейік, 66 келіге дейінгі салмақтағы Мағжан Әлжановтың да үшінші орынға таласуға мүмкіндігі болған еді. Алайда ол жұбаныш айналымында қарсыласы италиялық Алессио Де Лукеге есе жіберді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”