Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелге үйленген шетелдік ұшқыш сәбиін өлтіргені үшін 20 жылға сотталды: Ол экс-әйелі оған жала жапты деп мәлімдеді

сәбиін өлтірген

Фото: The Sun

Британиялық ұшқыш баласын өлтіргені үшін Қазақстан түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Алайда ол бұрынғы әйелі сәбиді өзі өлтіргенін "мойындағаннан" кейін бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Гонконг әуе компаниясының коммерциялық ұшқышы қазақстандық қызға үйленіп, екеуі балалы болған.

46 жастағы Мохамед Баракат 20 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ ол кінәсін мойындамай келді. Енді оның 28 жастағы бұрынғы әйелі Мадина Абдуллаева қызы Софияның өліміне өзі кінәлі екенін мойындаған аудиожазба пайда болды.

Баракат 2020 жылы есірткіден бас күйде қонақүйде болған жанжал кезінде сәбиін қабырғаға ұрып, бас сүйегін жарып өлтірді деген айыппен сотталған. Мадина сот процесінде негізгі куәгер болды.

Бас прокуратура ұшқыштың бұрынғы әйелі баланы өлтіргенін мойындағаннан кейін істі қайта тергеуді бастады. Арнайы видео-фоноскопиялық сараптама дауыс Мадинаға тиесілі екенін растады. Сараптама аудио өзгертілмегенін анықтады. Ұшқыш бұл жазбаны түрмеде отырып өзі жазып алған.

"Мен оны өлтірдім…" дейді Мадина аудиода.

"Сен екеніңді білемін" деді Мохамед. Ол 2019 жылғы 24 қазанда баланы әйел абайсызда өлтіріп, кінәні ер адамға жапқанын айтқан.

сәбиін өлтірген

Фото: The Sun

Аудиода Мадина Алматыдағы қонақүйде Софияның мойнын қалай сындырып алғанын айтып берген.

"Мен кетіп қалған едім… Қайтып келсем, ол ояу, аш болғандықтан жылап жатыр. Оны тамақтандыра бастадым. Сосын ол үлкен дәретке отырды… Мен оны жууға тырыстым. Жуып жатқанда мойнын сындырып алдым…", – деді әйел.

Сондай-ақ ол Мохамедтен тағы бір бала туғысы келетінін айтқан.

"Екі күн бұрын біз тағы да ұрыстық. Мен оған не болғанын айтпайынша, онымен тағы балалы болғым келмейтінін айттым. Міне, көріп тұрсыңдар, ол “Маған хабарласшы” деп жазды. Сосын “Мен оны өлтірдім” деп жазды", – деді ер адам.

Мадина одан кешірім сұраған.

Алайда сот отырыстарында ер адам Мадинаны ұрып-соғып, артынша қызын өлтіріп алғаны айтылды. Дегенмен The Sun басылымы Мадинаның жарақат алғанын дәлелдейтін айғақ болмағанын, қыз ер адам қонақүйден шығып кеткеннен кейін мерт болғанын жазды.

Ер адам кеткен соң әйел есікті ашып, қимылсыз жатқан қызды көтеріп, қонақүй сыртына жүгіріп барған. Ол бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Қонақүй қызметкерлерінің айтуынша, Мадина "Ол менің баламды өлтірді, оны ұрды" деп айқайлаған.

сәбиін өлтірген

Фото: The Sun

Қызметкерлер сәбидің көгеріп кеткенін айтты. Олар бұған дейін кішкентай қызды қонақүйде "әрдайым күліп жүретін" деп сипаттаған.

Сол сәтте әйел бірнеше рет есінен танып қалған, бұл кезде қызметкерлер дәрігерлерді шақырып, баланың өлгенін анықтаған.

2021 жылы үш судья апелляциялық шағымды қанағаттандырмай, "кінә қонақүй тазалықшысының сөзімен дәлелденді" деді. Тазалықшы қабырғадан соққы дыбыстарын естігенін, одан кейін бірден баланың жылауы басылғанын айтқан.

Сот Софияның "бірнеше мәрте жасалған соққылардан" өлгенін, яғни Баракаттың баланың басын бірнеше рет қабырғаға немесе есікке ұрғанын, миын зақымдағанын айтты.

Судья оны мас және есірткі қолданған деп таныды, бірақ құжаттарға сәйкес оның қанында немесе зәрінде есірткі табылмаған көрінеді. Есірткі қолданғанын растайтын жалғыз дәлел – қонақүйдегі матрастан табылған құсықтан анықталған есірткі ізі болды. 

Ер адамның адвокаты Дін-Мұхаммед Нарымбетов бейнебақылау камераларын көрсетіп, ер адамның мас емес екенін, яғни сабырлы түрде келе жатқанын көрсетіпті.

Мохамед Мадина оған жала жапты деп отыр.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 15:33
Талқылау