Қазақстандық әйелді "тегін фотосессия" жасап беремін деп алаяқтық схемаға тығып жіберген: Енді оны қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр
видеодан скрин, жәбірленушінің күйеуі
Қарағандыда қызын балабақшаға апара жатқан әйелді алаяқ “тегін фотосессия жасап беремін” деп алдап, атына банк аккаунты арқылы ірі көлемде ақша аударымдарын рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 5 каналға сілтеме жасап хабарлайды.
Бәрі қауіпсіз көрінген. Бейтаныс әйел оны мақтап, бірнеше рет суретке түсіріп, сұлулық туралы әңгіме айтқан. Бірақ бұл кездесу немен аяқталатынын ешкім болжай алмаған.
"Қыз бірнеше рет фотоға түсіріп көрсетіп, кейін сізге жіберемін деп телефон нөмірін сұраған. Артынша мынадай қалыпта тұрыңыз, енді басқаша тұрыңыз деп кеңес берген. Сөйтіп, ақыры верификациядан өтіп кеткен. Тоғызыншы күні әйелім операцияда жатқанда маған Тараздан полиция маған қоңырау шалды. Сіздің әйеліңіз алаяқтық жасады, оған ірі көлемде ақша аударылған. Адамдар арыз жазып жатыр", - дейді жәбірленушінің күйеуі Артем Богданов.
Күйеуінің айтуынша, әйелінің ауруханадан телефонын алғанда бір тәулікте оның атына шамамен 14 миллион теңге өткенін анықтаған. Банк қызметкерлері оның профилінен 5 қыркүйекте тағы верификация жасалғанын білген. Бірақ ол әрекет басқа құрылғыдан жасалған. Содан кейін растау кодтары басқа нөмірлерге кете бастаған. Ақша ұсақ сомамен доллар түрінде аударылып, шоттан жоғала берген.
Артем Богдановтың айтуынша, полиция оларға көмектесе алмайтынын, өйткені олар күдікті ретінде танылғанын айтқан.
Жуырда Қылмыстық кодекске жаңа 232/1 бап қосылды. Бұл банк шоттарына заңсыз қол жеткізу мен ақша аударымдарын қамтиды.
"2025 жылғы 26 қыркүйектен бастап дропперлерге жауапкершілік енгізіледі. Олар қылмыскерлерді анықтауды қиындатуда қалқан ретінде қолданылады. Яғни, бұл қылмыстық схемалардың ұйымдастырушыларын жасыру тәсілі. Егер алданып қалған жәбірленушілер бұл туралы өз еркімен хабар берсе, алғаш рет жасалған құқық бұзушылық болса, бапта ескерту бар. Қылмыстың ашылуына көмектессе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", - дейді адвокат Мейрамғали Мұрзалипов.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
