Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел үш баласын балалар үйіне тастап, шетелдік азаматтың соңынан кеткен

3 баласын тастап, шетелдік азаматпен еріп кеткен көкек ана іздестірілуде. Жолдасымен дәм-тұзы жараспаған соң, ажырасып, шиіттей 3 сәбиін балалар үйіне өткізіп жіберген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әкелері де балалардан заң жүзінде бас тартып, ат ізін салмай кетіпті. Ал тастандыларды бауырына басқан туысқандары құжаттарын реттей алмай, білім бөлімінің табалдырығын тоздырып біттік деп шағымданды.

- Сағынасың ба мамаңды барғың келеме?
- Жоқ
- Неге? 
- Қарамайды ғой ол бізді.

9 жастағы Гүлназдың өз анасы туралы бар естелігі осы ғана. Бауырларыма да дұрыс қараған жоқ деп бұртиды. Тіпті үйге қамап кеткен кездері де аз болмапты. Ақыр соңында көкек ана ішінен шыққан 3 баласын тағдыр тәлкегіне тастап, шетел асып кетіпті.

«Кез келген уақытта шешесі келіп, балалар менікі деп алып кете алады», - деді көпбалалы ана Гүлмира Сүлейменова. 

Гүлмира - бүлдіршіндердің қазіргі қамқоршысы. Туған інісі мен келіні керек етпеген 3 жәутеңкөзді балалар үйінен жетектеп әкеп, өз төрінен орын берді. 6 баласынан кем көрмей, бағып-қағып отыр. Балалар да бауыр басып қалған тәрізді. Тек туған анасы кез келген сәтте пайда болып, шырқымызды бұзама деген қорқыныш бар.

«Өйткені заң оның жағында. Ертең ол балаларды алып кеткеннен кейін, балалар қаңғырып қалмайды дегенге кім кепіл береді? Ешкім бере алмайды. Біздің бір жылдық еңбегіміз далаға кетеді біріншіден, балаларға обал болады. Өйткені бізге бауыр басып қалды», - деді ол.

Гүлмираның бар қалауы  3 баланың құжаттарын реттеп, толыққанды өз атына жазу.

«Жаман айтпай, жақсы жоқ. Ауырып қалса, емханалар маңайына да жуытпайды», - деп кіжінді.

«Балалардың куәліктері жоқ болғандықтан, құжаттары дұрыс болмағандықтан, біз ешқайда шыға алмаймыз. Адамдар құсап, жанағы , жазда демалысқа барады ғой. Ауылға дейікші, Қазақстан ішіне, біз сол жерге бара алмаймыз. Операция қажет болып қалса ше, әке шешесінің қолы керек, немесе оқамқоршының қолы керек. Ондайда мен не істеймін? Бала өлсін деп бетіне қарап отырамын ба?», - дейді көпбалалы ана Гүлмира Сүлейменова. 

Бір ай емес, бақандай 1 жыл бойы құжаттарды реттей алмай отырған білім бөліміне бас сұқтық. Әкесі балалардан заңды түрде бас тартқандықтан, ендігі мәселе шетелде жүрген анасына тіреліп тұрған көрінеді.  

«Қайтадан талап-арыз жазып отырмыз. Мамасынсыз сырттай шешімді қабылдаңыз, сырттан ата-құқығынан айырыңыз деп. Балалардың екі құжатын алып бердік. Енді қазір үлкен қыздың құжатын растап дайындап жатырмыз. Өйткені туу туралы куәлігі жоқ. Тек қана паспорт бойынша сот қабылдамай отыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Гүлім Жүсіпова.

Балаларын тастап, шекара асқан көкек ана Түркияның қай қаласында тұрып жатқаны анықталды. Мекенжайы нақтыланып, байланыс орнаса, сот шиіттей 3 сәбидің тағдырына қатысты соңғы шешімді қабылдайды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген

Қостанай облысында қар астында қалған екі адамды құтқарды

Құтқарылған кезде ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық еді

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Марқұмның анасы: Үйден кеткенде қызым сап-сау болған, дәрігерлер кінәлі

Қарағанды жолында ер адам көз жұмды

Департамент азаматтарға алыс қашықтыққа сапар шегуден бас тартуға кеңес берді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Ұшқыштың жағдайының күрт нашарлады

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Сырқатты жұқтарғандардың саны 90 мыңға жетті дейді ол

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Ресейлік маман: Құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты: Ресми ақпарат

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаның растығын жоққа шығарды

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Қылмыстық топ төрт азаматтан құралған
Çàãðóçêà...