Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел тегін фотосессияға түсемін деп ақшасынан айырылып қалды

фотостудияФото: wow-studios.ru

Қазақстандықтар өнер фотосессиясына модель болуға ұсыныс алған соң, қаржысын жоғалтып жатыр. Тартымды ұсынысқа алданып, фотостудияға төлем жасаған адамдар кейін сілтеме арқылы ақша жоғалтады. Мамандар белгісіз сілтемелерге өтпеуге және ақшаға қатысты сақ болуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық Маргаритаға бірнеше апта бұрын әлдекімдер "тегін фотосессия" ұсынған. Тек фотостудияны жалға алу ақысын төлеу қажет болды. Алайда белгіленген күні оған "форс-мажор болып, фотосессия болмайды" деп хабарланды.

Ақшасын қайтару үшін сілтеме берілген, алайда соңында оның картадағы барлық қаражаты ұрланған.

"Фотосессия тоқтатылды, ғимарартта құбыр жарылғанын айтты, сол себепті оны өткізе алмайтынын түсіндірді. Сілтемеге өттім, кейін картадағы ақша түгел жоғалып кеткенін көрдім. Олар өте сенімді сөйледі, бәрі жақсы болып көрінді, бірақ ақыры бәрі алаяқтық болып шықты", – деді Маргарита.

20 жылдық тәжірибесі бар фотограф Тимур Кудеринов шынайы фотосуретшілер форс-мажор болған жағдайда міндетті түрде басқа уақытқа фотосессияны өткізетінін және ақша қайтару үшін сыртқы сілтемелерді қолданбайтынын айтты.

"Мұндай жағдайда мен адамға тікелей ақша аударамын. Неге сілтеме керек? Сол бір нөмірге-ақ ақша жіберуге болады. Егер сілтеме жіберілсе, бұл бірінші "red flag", яғни күмәндануға себеп", –деді Тимур Кудеринов.

Заңгер Илья Махловтың айтуынша, әсіресе, ірі қалаларда фотостудиялар көп болғандықтан, осындай алаяқтыққа тап болу қаупі жоғары. Жәбірленушілердің әділдікке жету үшін екі жолы бар дейді ол.

"Сіз полицияға жүгінуге болады, олар қылмыстық іс қозғайды және алаяқтарды іздеуге шара қолданады. Егер табылса, сізге келтірілген шығынды өндіруге болады. Ал егер табылмаса, ақша аударылған адамдарға азаматтық тәртіпте талап арыз беруге болады. Бірақ бұл оңай шаруа емес", – деді Илья Махлов.

Мамандар белгісіз сілтемелерге өтпей, ақшаға қатысты әрқашан сақ болып жүру керек екенін ескертеді.


Қазақстандық жігіт қалыңдықтарын "үйленемін" деп алып, миллиондап несие рәсімдеткен


Қазақстандықтарды алаяқтардан ешқандай заң қорғай алмайды – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі


Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйелді “тегін фотосессия” арқылы алдап, атына ірі көлемде ақша аударымдарын рәсімдеген алаяқтық фактісі тіркелді. Бір тәулікте оның шотына шамамен 14 миллион теңге аударылған. Мамандар жәбірленушілерге сақ болуды және белгісіз адамдарға жеке деректер мен банк ақпаратын бермеуді ескертеді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 12:20
Талқылау