Қазақстандық әйел күйеуіне берген сыйлықтарын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді

Фото: Ru.freepik.com
Шымкент тұрғыны күйеуінен үйлену тойында берілген сыйлықтарды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық апелляциялық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы әйелдің талап-арызы бойынша істі қарады. Ол күйеуінен жалпы құны 2 435 000 теңге болатын, тойда сыйға тартылған заттарды қайтаруды талап еткен.
Әйелдің айтуынша, жауапкер сыйлықтарды қайтармай жүр. Алайда жауапкердің өзі талапты мойындаудан бас тартты.
“Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған межрайондық сотының шешімімен талапкердің талабы қанағаттандырылды. Жауапкерден талапкердің пайдасына 2 435 000 теңге, өкіл қызметінің ақысы ретінде 100 000 теңге және мемлекеттік баж ретінде 24 350 теңге өндіру туралы қаулы шығарылды”, — делінген сот хабарламасында.
Апелляциялық инстанцияда тараптар татуласып, дауды соттық медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келген.
Келісім шарттары бойынша:
-
Талапкер барлық талап-арыздарынан бас тартады;
-
Жауапкер өзінде қалған сыйлықтардың өтемі ретінде талапкерге екі апта ішінде 200 000 теңге төлеуге міндеттенеді.
Судьялар алқасы бұл келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты. Бұған дейін төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
“Не үшін тудық, не үшін бақтық?”: Ата-ананың балаға өзін асырау міндетін жүктеуі қазақстандықтар арасында қызу талқыланды