Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында өзбек спортшыларын артта қалдырып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Барлығы 12 алтын медаль иеленген Қазақстан жастары командалық есепте бірінші орын алды. Бір қызығы, бұл додаға Азияның мықтылары саналатын Қытай мен Солтүстік Корея құрамалары қатысқан жоқ. Тиісінше, Өзбекстан ауыратлеттері 10 алтынмен екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Вьетнам жастары түйіндеді, олардың еншісінде 9 алтын медаль бар.

Жастар арасында медальдар кестесі:

Қазақстан – 12 алтын, 9 күміс, 12 қола (барлығы 33 медаль)
Өзбекстан – 10 алтын, 7 күміс, 2 қола (19 медаль)
Вьетнам – 9 алтын, 16 күміс, 9 қола (барлығы 34 медаль)
Үндістан – 7 алтын, 8 күміс, 6 қола (барлығы 21 медаль)
Иран – 6 алтын, 4 күміс, 6 қола (барлығы 16 медаль)
Оңтүстік Корея – 6 алтын, 1 күміс, 1 қола (барлығы 8 медаль)
Филиппин – 5 алтын, 7 күміс, 6 қола (барлығы 18 медаль)
Түрікменстан – 2 алтын, 5 күміс, 5 қола (12 медаль)
Ирак – 2 алтын, 2 қола (барлығы 4 медаль)
Сауд Арабиясы – 1 алтын, 5 қола (барлығы 6 медаль)
Қытай (Тайпей) – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола (барлығы 6 медаль)
Таиланд – 2 қола (барлығы 2 медаль)
Сирия – 1 қола (барлығы 1 медаль)

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы 8 алтынмен жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл жас санатында Вьетнам – бірінші, Таиланд – екінші, Түрікменстан үшінші орынды иеленді.

Талқылау