Қазақстандық әуе компаниялардың ұшақтарында интернет қашан пайда болады: Көлік министрлігі жауап берді

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев қазақстандық әуе компаниялардың ұшақтарында интернетке қосылу қызметі қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді. Бұл турады Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ластаевтың айтуынша, жаңа қызметті ең алдымен жақын арада елге жеткізілетін заманауи әуе кемелеріне енгізу жоспарланған.
“Олар Dreamliner 787 типті әуе кемелері. Ең алдымен осы ұшақтарға ұшу кезінде интернет қызметін орнату жоспарлануда. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде”, – деді Ластаев.
Ауылдарға шағын ұшақпен қатынау ұсынылды: Көлік министрлігі оның қалай жүзеге асатынын айтты (видео)
Шенеунік қосымша жоспарларды ескере отырып, қызметтің жақын арада іске қосылатынын атап өтті.
“Менің ойымша, бұл биылғы жылдың соңы және келесі жылдың басы болады”, – деді вице-министр.
Ластаевтың сөзінше, жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерді орындайды.
"Негізінен, әрине, халықаралық рейстер болады, өйткені қашықтық ұзақ", – дейді шенеунік.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Қазақстан өңірлерін бір-бірімен байланыстыру үшін шағын авиацияны дамытуды ұсынған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі