Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

SCAT әуе компаниясына 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Фото: pixabay.com

Қазақстандағы SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың 25 ақпанында Өскемен-Астана рейсінің жолаушылары әуе компания ұшағын ұзақ уақыт күтуге мәжбүр болған. 

"Жолаушылар күндіз сегіз сағаттан астам уақыт әуе кемесін күткен. Ал әуе компаниясы жолаушыларын қонақүймен қамтамасыз етпеген. Тек кешкі сағат онда  кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушылар демалатын орынға жеткізілген. Адамдар күні бойы әуежайда рейсін күткен", – делінген ресми хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы көлік прокуратурасы азаматтардың құқығының бұзылуына қатысты жағдайға пікір білдірді. 



"Тексеру қорытындысы бойынша әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі (ТТасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде тасымалдаушының жолаушыға қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы) бойынша 1000 АЕК (3 932 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) жаңа авиакомпаниясы шығатыны белгілі болды. Air Arabia Abu Dhabi әуекомпаниясы Абу-Даби-Алматы бағыты бойынша аптасына үш рейс жиілігімен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері тікелей жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 25 Сәуір, 2025 12:54
Талқылау