Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ата-аналар енді балаларының Instagram аккаунттарын бақылай алады

Фото: depositphotos.com

Instagram жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған жаңа функциялар енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Астанада өткен цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев пен Meta компаниясының вице-президенті доктор Саймон Милнердің кездесуінде айтылды.

Кездесуде Мета 16 жасқа толмаған қолданушыларға арналған "Жасөспірімдерге арналған аккаунттар" атты жаңа Instagram функциясын ұсынды. Жаңа функция ата-аналарға балаларының цифрлық өміріне белсендірек қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл функционал көмегімен жасөспірімнің профилін көретін адамдар қатарын шектей аласыз. Қажетсіз ақпараттарды жасыра аласыз, түсініктемелер мен хабарламалардағы дөрекі сөздерді автоматты түрде блоктап, жарияланымдарды бейтаныс адамдар үшін қолжетімсіз ете аласыз.

Оған қоса, түнде хабарламаларды өшіру және Instagram-ды пайдалану уақытын шектеу функциялары да қарастырылған.

Meta вице-президенті Саймон Милнердің айтуынша, бұл функция балалар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың ұсыныстарына негізделген және Instagram желісіндегі жасөспірімдерді қорғау деңгейін арттыруға арналған.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 21:54
Талқылау