AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Жамбыл облысында мерт болған сарбазға ән арнап, елді жылатты

Қазақстандық әнші Нұрболат Қанай Жамбыл облысында әскери борышын өтеу кезінде көз жұмған ақтаулық Әлібек Қалбайға ән арнап, елдің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қанай Ескендір Хасанғалиевтің "Бозторғайым" әнін жаңаша өңдеуде ұсынып, марқұм сарбазға арнап бейнебаян түсірді. Көпшілік әншіні қолдап, оған алғыс-батасын жаудырды.

"Жылаттыңыз, жүрекке жетті", "Жаның Жаннатта болсын, Әлібек. Қазақстанда әділеттік орнасын!", "Мерзімді әскери борышын өтеуге аттанып, 10 күннен кейін көз жұмған 18 жасар Әлібек Қалбайдың рухына ән арнаған QANAY-ға рахмет. Өте ауыр", "Сарбаздарды өлтіруді қойыңыздар. Олар да біреудің баласы, үміті, бақыты мен жай ғана өмірі", "Әскерге жас өрендеріміз шабытпен барып, табытпен қайтып жатыр. Осыдан кейін жастарымыз әскерге қалай барғысы келсін?" - деп пікір білдірді желі қолданушылары.  


17 жылдан кейін қызымды иемденгісі келіп жатыр: Мақпал Жүнісова Мерейге қатысты бар шындықты айтты (видео)


Айта кетсек, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлмішесінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз мерт болған еді. Ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін 18 сәуірде барған, бірақ 4 күннен соң жақындарына қаралы хабар жетеді. Қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың денесі өткен аптада туған жері Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылына жеткізілді. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында көз жұмған 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірген еді. Көп ұзамай, Айболат Аманжолов күдікті деп танылды. Ал оның анасы президентке видео-үндеу жолдады. Әйелдің айтуынша, сарбаздың өліміне әскери бөлімшедегі сержанттардың бірі кінәлі болуы мүмкін.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр