Қазақстандық әнші ресейлік "Вечерний Ургант" бағдарламасының қонағы болды
Қазақстандық әнші Dequine Бірінші арнаның «Вечерний Ургант» бағдарламасының музыкалық қонағы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Достар, мен енді үнсіз қала алмаймын, біз мұны жасадық! «Вечерний Ургант», - деп жазды ол Instagram-да фотосуреттерді жариялай отырып.
Қазақстандық әншімен бірге бағдарламада рэпер Dose (Айдос Жұмалинов) де қонақ болды.
Эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 02:30-да көрсетілді.
2020 жылдың сәуірінде Dequine-нің Warner Music Russia компаниясымен келісімшарт жасағаны туралы хабарланды.
Желідегі қолдаушылары құттықтасып, қолдау білдірді.
"Сен біздің мақтанышымызсың", "Жарайсың, тек алға", "Одан да биіктерге жет", Құттықтаймын, сен әлемге таныласың", "Бұл кім, қай әнші?", "Қазақстандық әншілер биіктен көріне берсін", - деп жазды олар.
Жақында Грэмми иегері Иманбек Зейкенов ресейлік «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды. Музыкант жеңістен кейінгі эмоциялар туралы, сондай-ақ өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтты.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
