Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші-боксер Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген әнші, боксер Ескендір Ибрагимов қарсыласын накантка жіберіп жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

ескендір ибрагим

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын, құрметті қазақ елі. Жеңіс құтты болсын! Бүгінгі жеңісімді еліміздің Тәуелсіздік күніне арнаймын. Қаншама тілектер, құттықтаулар жіберіп жатсыздар. Өздеріңізбен байланысқа шыға алмай қалдым. Екінші раундта қолымнан жарақат алып, қолымды сындырып алдым. Аллаға шүкір, біз қазақпыз, намысымыз бар. Оған қараған жоқпыз. Бүгін емханаға барып, енді ғана өздеріңізбен байланысқа шығып отырымын. Құдай қалса, еліміздің намысын қорғайтын батыл, ержүрек жігіттері көп болсын. Жеңісті күндеріміз көп болсын", - дейді Ибрагимов инста-парақшасында. 

Айта кетейік, Ибрагимовтің қарсыласы Малавиден келген Мусса Аджибу. Тоғыз раундқа есептелген шайқас 33 жасар Ескендір африкандық боксерді нокаутқа жібергеннен кейін тоқтады.

Бұл Ибрагимнің кәсіби рингтегі жетінші жеңісі. Ескендір бокстан басқа, танымал әнші ретінде де көпшілікке белгілі. 

Өз кезегінде желі қолданушылары: "Тез сауығып кетіңіз,жеңіс құтты болсын",- деп боксердің қолы үшін алаңдаушылық білдірсе, енді бірі: "Құтты болсын, аға! Аман жүріңіз!", - деп жүрек жарды тілегін жаудырып жатыр. 

 

 

 

 

Талқылау