Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық 7 айлық нәресте шетелден табылып, елге қайтарылды

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан табылып, елге қайтарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Нәресте Қазақстанға жеткізілген бойда қаралып, тексерілу үшін балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова медициналық шаралар аяқталған соң нәресте "Балалар үйі" КММ-не жіберілетінін айтты. 

“Біз үшін әр баланың қандай жағдай болмасын, қажет қолдауды алуы маңызды. Сондай-ақ еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Оның осы жақта өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін істейді", – деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы.



Комитет еліміздегі балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмысын тоқтатқан жоқ.

“Біз қажет болған жағдайда балаларды Отанына қайтару үшін бар күш-жігерімізді саламыз және олардың кәсіби мамандардың қамқорлығында болуын қамтамасыз етеміз”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Батыс Қазақстанда 5 жасар қызды иттер талап тастағаны туралы жазған едік.

Талқылау