Қазақстанды 65 жастан асқандарға вакцина салдыруға рұқсат берілді
65-тен асқан қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина егуге рұқсат берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.
"Егде адамдарға вакцина салдыруға болмайды деген шектеулер алынып тасталды. Бірақ аға буынға вакцинаны қолданар алдында оның ауру тарихын мұқият қадағалаған абзал. Оған қоса, вакцина салдырған уақытта ешқандай ауру-сырқауы болмауы керек" , - деді Қиясов.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұған дейін ведомство вакцинация жоспарына 65 жастан асқан адамдарды қосу мәселесін қарастыратындығын хабарлады.
Дүйсенбі, 22 ақпанда бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният Sputnik V коронавирус вакцинасының екінші дозасын алды.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы