Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы тасжолдардың 27 пайызы ақылы болады

2019 жылға дейін ойдым-ойдым жолдар қалпына келтіріліп, күрмеуі көп мәселе шешімін табады. Ол үшін елімізге инвесторлар тарту көзделіп отыр. Бұл Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында нақты көрсетілген.

1786501c20dc989094a74f95912d4384_L

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Астана-Щучье – еліміздегі алғашқы ақылы жол. Төрт жыл бұрын бұл бағытпен қатынау қиямет еді, ал қазір көлік иелері оның рақатын көріп жүр. Көкшенің кереметіне апарар учаскемен жүруден алынатын ақы бірден бюджетке түседі. Тасжолдың кейбір шұрық-тесігі осы қаражат есебінен бүтінделеді. Елорда-Бурабай тасжолының тарифтеріне тоқталсақ. Екі ортада әрлі-берлі көлікпен қатынайтындар шақырымына 1 теңге төлейді.

Астанадан Щучьеге дейін 211 шақырым. Бұл қашықтық үшін жеңіл көлік иелері 200, автобус жүргізушілері 2100-ден 3100 теңгеге дейін, ал жүк көліктерін тізгіндегендер 4200-ден 5200 теңгеге дейін жолақысын беруі міндетті.

“Мынадай жолда жүру бір ғанибет. Тозығы жеткен учаскелерді бірден қалпына келтіріп жатады. Ол үшін ақша төлеу де артық етпейді. Ақшасын төлегеніне сай, сапасы болу керек. Сапасы жақсы болса, халық ренжімейді”, – дейді көлік жүргізушілері.

Келер жылы Қазақстанда тағы екі күре жолмен жүру үшін ақы алынады. Бұл – Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай бағыттары. Бұдан бөлек 5400 шақырым жолды ақылы қылу үшін қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Олардың құрылысы 2018 жылы басталады. Ол үшін Еуразиялық даму банкінен қарыз алып, инвесторлар тартамыз.

“Біз ақылы жолдарды енгізу бойынша сәуір айында инвесторлармен кездестік. Олардың арасында неміс, түрік, Ресей компаниялары бар. Жобаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру мүмкіндігін де қарастырдық. Жалпы ақы алу жүйесі көптеген өркениетті елдерде енгізілген. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жүйенің арқасында жол-көлік оқиғаларының саны біршама азайған. «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында еліміздегі тасжолдардың 27%-ы 2019 жылдан ақылы болады. Бұл – шамамен 6 мың шақырым. Осылайша күре жолдың күрмеуі шешілмек”, – дейді «Қазавтожол» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев.

Оқи отырыңыз:

Астанада жұмыртқа сатушы әйел өзінің керемет дауысымен таңғалдырды (видео)

Биылғы оқу жылының қай күннен басталатыны белгілі болды

Атырау облысында жасөспірімдер суға жүзе алмайтын достарының өмірін құтқарып қалды

Екі қазақ қызын асырап алған америкалықтар қыздары үшін Қазақстанға көшіп келген (фото)

Талқылау