Қазақстандағы ең сұлу тұрмыстағы келіншектер (фото)
“Қазақстан – табиғи қазбаларға бай ел”. Иә, шетелдіктерден Қазақстан туралы сұрай қалсаңыз, олардың бірінші кезекте айтатыны осы. Ал екінші кезекте барша шетелдіктердің көзі еліміздің сұлуларына түседі. Келіп-кетіп жатқан өзге ел азаматтарының түгелі дерлік қазақ қыздарының сұлулығын сөз етпей қоймайды. Осы орайда Stan.kz назарларыңызға Қазақстандағы ең сұлу тұрмыстағы әйелдерді ұсынуды жөн көріп отыр.
Алматылық ару Анжеланы 7 жасар қыздың анасы деп ешкім айтпайды. Ата-енесімен бірге тұратын ол қазақ келініне тән міндеттердің барлығын орындауға мейлінше тырысатынын айтады.
Ал Талдықорғандық ару Зульмираның бір ұл, бір қызы бар. Ол алғаш рет 17 жасында ана атанған. Бүгінде Зульмираның тұңғышы Сұлтан мектеп табалдырығын аттаған. Ал қызы Жасмин бала-бақшаға баруға дайындалып жүр.
Келесі кейіпкеріміз Әсел – Қарағанды өңірінің тумасы. Тұрмысқа шығып, ана атанбай тұрғанда ол хореографиялық ансамбльдің құрамында өнер көрсеткен.
Бүгінде қызы Маликаның тәрбиесімен айналысуда.
Ал 28 жастағы алматылық ару Айнұрдың 1 қыз, екі ұлы бар. Спортты жанына серік еткен ана үш баланы дүниеге әкелгеніне қарамастан, дене сымбатын әдемі қалпында сақтап қалған.
Алматылық Бибігүл бала кезінен белсенді болғанын айтады. Спорттың әр түрімен айналысқан ол бүгінде модельдік кәсіпке және бет әрлеуге қызығуда. Бибігүл бір ұлдың анасы.
24 жастағы алматылық ару Жадыраның 2 жасар ұлы бар.
Заңгер мамандығын бітірген ол бос уақытында баскетболмен және бимен шұғылданады.
Шығыс Қазақстан өңірінің перзенті Клавдия Виктория есімді қыздың анасы. Бір қарағанда нәзік ару көрінетін Клавдия кезінде бокспен айналысқан.
Суреттер мен мәліметтер www.missis.kz сайтынан алынды.