Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды
Астанада қазақстандық кәсіпкер, «Эксимбанк Казахстан» АҚ-ның бұрынғы басшысы Еркін Әмірханов қамауға алынды. Ол коммерциялық параға жол берді деп күдіктелуде.
Сурет: forbes.kz/Азиз Мамиров
Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін Әмірхановтың соңғы бірнеше жыл көлемінде еліміздегі ең бай адамдардың тізімінде болғаны белгілі.
ҚР ҰҚҚ мәліметінше, Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары биылғы жылдың 3 мамырынан басталған.
«2018 жылдың 3 мамырында ҰҚҚ тергеу департаменті «Центрказэнергомонтаж» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол ҚР ҚК 253-бабы 6-бөлімі (Коммерциялық пара) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелуде», – делінеді ҰҚҚ хабарламасында.
Айта кетсек, Әмірханов 5 мамырда тұтқындалып, 6 мамырда сот оны 2 айға қамады.
ҰҚҚ тергеудің құпиялығына сілтеп, аталған іске қатысты басқа мәліметтермен бөліскен жоқ.
Оқи отырыңыз:
Талдықорғанда 11-сынып оқушысы орамал таққаны үшін ҰБТ-ға кіре алмайтынын айтып жылады
Астанадағы дауыл: Кран машинисі жерге түсіп үлгермей қалған
ОҚО-да асылып өлген полиция қызметкері өзіне қол жұмсар алдында басшысына хат жазған