Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы жұмбақ пневмония: Шетелдік БАҚ еліміздегі жағдайға көңіл аударды

Америкалық CNN басылымының мәліметінше, Қазақстан үкіметі Қытайдың ресми таратқан ақпаратын жоққа шығарып отыр. Портал жариялаған жаңалыққа сүйенсек, Қазақстан коронавирустан да қауіпті пневмонияның елімізге жету қауіпін елемей жатыр екен. 

басылым

"Бейсенбі күні Қытай Орта Азия мемлекеттерін құлақтан тік тұрғызды. Қазір аспан асты елінде пневмониядан 1700 адам көз жұмған. Десек те бұл жағдайды Қазақстан билігі ескермей, тіпті жоққа шығарған. Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл вирустың этимологиясы анықталмаған. Десек те ведомство өкілдері бұл аурудың өршуі жаңа емес екенін мәлімдеген", - деп жазыпты CNN.

Бұған қоса басылым Атырау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 500-ден астам адам осы аурумен ауырып жатқанын жазыпты. Сонымен қатар америкалық журналисттер ҚазАқпараттың таратқан мәліметтеріне сүйене отырып, Нұр-Сұлтанда пневмонияға шалдыққандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе артқанын айтыпты. 

CNN еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың онлайн брифинг барысында пневмониямен ауырып жатқандар жайлы сөз қозғанын да мысалға келтірген. Тіпті ресми мәліметтер үшін басылым журналистері министрлікке сұратылым да жіберген. 

Аталмыш жаңалықта америкалық портал Қазақстанда екінші рет карантин енгізіліп жатқанын және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавируспен ауырғанын жазыпты. 

"Қазақстанда карантинге байланысты шектеу шаралары 5 мамырда енгізілген. Шенеуніктер жағдай ушықса, карантин қатаңдатылатынын ескертіпті", - деп жазады CNN журналистері. 

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі тарауда" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме бергені айтылған еді. 

 

STAN.KZ
Жұма, 10 Шілде, 2020 15:49
Талқылау