Қазақстандағы жаңа оқу жылының мерзімі мен демалыс кестесі жарияланды
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептердегі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.
Бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 33 академиялық аптаны, 2-11 сыныптарда – 34 академиялық аптаны құрайды.
Оқу жылындағы демалыс келесі түрде анықталады:
1-11 (12) сыныптар: күзде – 7 күн (2021 ж. 1 қарашадан 7 қарашаға дейін), қыста – 11 күн (2021 ж. 30 желтоқсаннан 2022 ж. 9 қаңтарға дейін), көктем – 12 күн демалады (19-дан 19-ға дейін) 2022 жылғы 30 наурызды қоса алғанда);
1 -сыныпта: қосымша демалыс – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан қоса алғанда).
Білім және ғылым министрлігі басшысының бұйрығының толық мәтіні ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде жарияланған.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"