Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы вакцинациялау қарқыны ең төмен өңірлер анықталды: Премьер-министр кімдер жазаланатынын айтты

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет отырысында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау деңгейі төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Биыл 1 қыркүйектен бастап халықты вакцинациялау жұмыстарының ең төмен көрсеткіші Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында 10-13% деңгейінде байқалады”, – деді Тоғжанов.

Ол премьер-министр Асқар Мамин бірнеше рет өңірлерге вакцинация қарқынын жылдамдатуға тапсырма бергенін еске салды.

Алайда оның бағалауы бойынша, тапсырма тиісті деңгейде орындалмаған.

Ол өңір әкімдері вакцинация жоспарын орындамағаны үшін жауапты екенін айтты.

“Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін ескере отырып, вакцинациялауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды, сондай-ақ вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдіктер басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту орынды деп санаймыз. Қарқын байқалмаған жағдайда әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймыз”, – деді Ералы Тоғжанов.

 

Назерке Мұса
Сейсенбі, 19 Қазан, 2021 09:09
Талқылау