Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы министрлердің орташа жасы анықталды

Сарапшылар ЕАЭО елдері арасындағы ең жас министрлерді атады. Олар Ресей, Беларусь және Қазақстанда жұмыс істейтіндерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz-ге сілтеме беріп.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда министрлердің орташа жасы- 48 жас.

"Тізімді бастап тұрған Армения, мұнда ең жас министрлердің орташа жасы 45,3. Ал Ресейде орташа жас 52,2 жас болды. Қазақстан өз кезегінде рейтингтің тізімінің ортасына жайғасқан: ҚР министрлерінің орташа жасы 48 жас", - делінген зерттеуде.

Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында ең жас министр Ресейде жұмыс істейді. Ол Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Оның жасы 70-тен асқан. Ең жас министр Арменияда жұмыс істейді, Әділет министрі Рустам Бадасян, оның жасы 30-да.

Қазақстан министрлерінің ішінде ең жасы үлкендері Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев (58 жас) және Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев (58 жас) болған.

Министрліктердің ең жас басшылары: жаңа Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жас), цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жас) және білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38 жас).

Үкімет жұмысының тиімділігі бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 2019 жылы 7 сатыға көтеріліп, әлемнің 209 елінің арасында 89-орынды иеленді. Бұл рейтингтің көшбасшылары Сингапур, Швейцария және Дания болды.

STAN.KZ
Жұма, 22 Қаңтар, 2021 14:15
Талқылау