Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы майнинг фермалары энергия тапшылығын тудырмай ма? Министр жауап берді

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елдегі майнинг фермалары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр майнинг фермалары тұтынатын электр энергиясы жайлы сөз қозғады. 

"Бүгінгі таңда біздің қолымыздағы ақпарат бойынша Қазақстан аумағында 17 майнинг фермасы тіркелген. Олар 540 МВт электр энергиясын тұтынып отыр. Біздің талап етуіміз бойынша Салық кодексіне өзгеріс енгізілген болатын. Ол өзгеріс бойынша электр энергиясын тұтынатын майнинг фермалары тұтынғаны 1 КВт/сағ электр қуаты үшін 1 теңге салық төлеуі керек", – деді министр Ноғаев.

Сөзінше, майнинг фермалары халық тұтынатын электр қуатына ортақтаспайды. 

"Салық салу мәселесін тәртіпке келтіруіміз бұған дейін бізге белгісіз болған, жасырын фермалардың жарыққа шығуына түрткі болады деп есептейміз. Қоғам арасында майнинг өндірісіне жұмсалатын электр басқа санаттарда тапшылық туғызуы мүмкін деген түсінік бар. Олай емес. Электр энергетикасы туралы заң бойынша, бірінші кезекте елдің ішін электр қуатымен қамтамасыз етуге міндеттіміз. Оның ішінде халық пен кәсіпорындар бірінші кезекте қамтылуы керек", – деді министр. 


Талқылау