Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан биткойн майнингы бойынша әлемдік көшбасшылардың бестігіне қалай енді

Қазақстанда Ресей Федерациясына жақын жерде биткойн (вируталды валюта) майнингына арналған орталық салынбақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsaffinity.com порталына сілтеме жасап. 

биткойн

Портал мәліметінше, Қазақстан биткойндер қуаты жөнінде көш бастап тұрған елдердің бірі екен. Сол себепті де орталықтың біздің мемлекетте салынуына таңғалудың қажеті жоқ. Өндіріс орнының қуаты 50 000 бұрғылау қондырғысына жетпек. Басылым бұл сандардың орасан зор екенін жазады. Кей деректер бойынша орталықтың электр энергиясын тұтынуы 180 мегаваттқа (МВТ) жетпек. Мысал ретінде бір жарым миллион тұрғыны бар Аргентинаның Кордова қаласы 741 МВТ электр энергиясын тұтынатынын келтіруге болады. 

Бұған қоса Қазақстандағы Enegix биткойн өндіру орталығы әлем бойынша хэшрейттің 4%-ын құрамақ. Қазіргі таңда ұйымның Қазақстанда екі биткойн фермасы бар көрінеді. Олардың ірісі Екібастұз қаласында екен. Орталықтың жұмысына кем дегенде екі жүз адам жұмылдырылмақшы. Олардың қатарында инженерлер, электр мамандары және менеджерлер бар. Бұған қоса биткойн өндіру 2020 жылдың қыркүйегінде басталады деп жоспарланыпты.

Кембридж университетінің қаржылық баламалар орталығының мәліметінше, Қазақстан хэш орнатылуы бойынша әлемде төртінші орында. Яғни, әлемдегі биткойн өндірісінің 6,17%-ы елімізге тиесілі екен. Ресей Қазақстанна бір сатыға жоғары орналасқан: көршілес мемлекеттің виртуалды валюта өндірісі бойынша көрсеткіші 6,90% екен. 

Қазақстанның биткойн өндіру бойынша алғашқы ондыққа кіруі елдегі электр энергиясының бағасы төмен болуымен тікелей байланысты. Сол себепті де шетелдік ұйымдар Қазақстанға көз салуы ғажап дүние емес. Ал мамандардың сөзіне сенсек, электр энергиясы арзан болса, биткойндердің сұранысы артады. Ал 18 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстан болса электрді көрші елдерге экспорттайды. 

Айта кетейік, биткойн (Bitcoin, BTC) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды «криптовалюта» деп те атайды. Биткоин төлемдерінің желісі толықтай дерлік орталықсыздандырылғандықтан қадағалаушысы болмайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады. Биткоинды төлем құралы ретінде пайдалану арқылы тауар сатып алуға, телефон байланысы, не хостинг ақысын төлеуге және тағы басқа төлемдер жасауға болады.

Майнинг деп Bitcoin немесе басқа криптовалюталарды өндіру немесе іздеп табуды атайды. Майнинг басқа ақша өндіретін құралдармен шатастыруға болмайды. Себебі криптовалютаны іздеп табудың өзіндік ерекше функциясы бар.


Криптовалюта пирамидасының негізін қалаушы қазақстандықтарды 37 миллион долларға алдады

Талқылау