Қазақстандағы кедейлік шегі аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов Қазақстан бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшерін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"АӘК бізде табысы төмен отбасыларға беріледі, яғни отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы – кедейлік шегі. АӘК мөлшері отбасының табысына байланысты. Яғни АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы арасындағы айырма түрінде айқындалады. Яғни, егер отбасында, мысалы, үш бала және екі ата-ана, біреуі бала тууға байланысты демалыста болса, екінші ата-ана еңбек қызметін жүзеге асырады, бірақ жалақысы – 50 мың, отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 10 мың теңгеден құралатын болады. Бұл жағдайда бізде кедейлік шегі 24 012 теңгені құрайды, бұл республика бойынша орташа көрсеткіш", – деді Асқар Ниязов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі әр аймақтағы кедейлік шегі аймақтың экономикалық өмір сүру деңгейіне байланысты дербес анықталатынын түсіндірді.
"Бұл жағдайда АӘК орташа мөлшері әрбір отбасы мүшесіне 14 мың теңгеден болады. Бес адамға бұл ай сайын шамамен 70 мың теңге. Сондықтан АӘК мөлшері белгілі бір мөлшерге байланысты емес. АӘК мөлшері белгіленбеген. Бұл отбасының табысына байланысты", – деп жауап берді ол.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
