Қазақстандағы ең көп сатылатын қытайлық автомобиль бренді анықталды
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" ақпан айындағы автомобиль сатылымы туралы соңғы деректерді жариялады. Хабарламаға сәйкес, еліміздегі ең көп сатылатын қытайлық брендтердің арасында бірінші орынға Jetour бренді шықты.
Осылайша, ақпан айындағы жалпы сатылым рейтингінде Қазақстандық Allur автомобиль компаниясына қарасты үш бренд көш бастады. Сонымен қатар қытайлық автомобиль брендтері арасында ұзақ уақыттан бері алғаш рет нарықтағы көшбасшы өзгерді.
Jetour брендінің Қазақстандағы нарықтағы сатылым үлесі ақпанда 7,27% болды. Бір айда Jetour Qazaqstan компаниясынан 1160 автомобиль сатылды. Бұл ең жақын бәсекелесінен 122 данаға артық. Айта кету керек, ақпан айының басында Қазақстан нарығына шыққан X50 моделі 200 дана сатылды. Өткен жылдың соңында таныстырылған және қазақстандықтарға ұнаған X70 жаңа ұрпағының сатылымы 384 данаға жетті. Ал толық жетекті Т2 кроссоверінің сатылымы 184 дана болды.
Қызмет көрсету сапасы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, клиенттердің 94%-ы сатып алған көлігіне қанағаттанған. Ал 83%-ы Jetour брендінің дилерлік орталықтарын ұсынуға дайын.
Бұл деректер Jetour өнімдеріне деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетіп, брендтің Қазақстан нарығындағы позицияларын нығайтып келеді. Клиенттерге инновациялық технологиялар, стильді дизайн және қолжетімді бағалар ұнайды. Бұл бәрі модельдер қатарын кеңейтуге және сатылым көлемін одан әрі арттыруға негіз бола алады.
Jetour автомобильдеріне сұраныс тиімді қаржылық жағдайлармен қолдау тауып жатыр. Allur Finance-пен бірлесіп, 7 жылға 4%-бен автокредит беру бағдарламасы жалғасып жатыр.