Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы әскери қорғанысқа бөлінетін қаражат көлемі ең кедей елдердің көрсеткішімен бірдей

Қазақстанда жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) әскери бағытқа бөлінетін шығынның үлесі азайған. Деректерге сай еліміздің қорғаныс бағытына бөлген қаражаты әлемдегі ең кедей мемлекеттермен бірдей деңгейде тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

2019 жылы көрсеткіш ЖІӨ-нің кем дегенде 1%-ынан асқан болса, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қорғаныс шығыны ақшалай түрде ЖІӨ-нің 0,48% -ын ғана құраған. Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының SIPRI мәліметтері бойынша, мемлекеттің өз әскеріне және сыртқы қауіптерден қорғау бағыты бойынша жұмсайтын бұл көрсеткіші Қазақстанда төртінші жыл қатарынан азайып келеді.

Осы тұста салыстырмалы түрде өзге де елдерді алып қарайық. Мәселен дамыған Еуропа елдерінде жалпы қорғаныс шығындарының деңгейін ЖІӨ-нің 1,8-2,5% шегінде. Кейінгі бес жылда бұл көрсеткіш аз ғана өзгерген. Бұл мемлекеттің тепе-теңдікті сақтап, әскери бюджетті ЖІӨ-нің өсуіне сәйкес ұлғайтуға тырысатынын көрсетеді. SIPRI бағалауы бойынша, Қытайда да осындай жағдай қалыптасып жатыр. Мұнда көрсеткіш бес жылда 1,6-1,8% шегінде сақталған.

Ал дүниежүзілік әскери держава, АҚШ өткен жылы 3,4% үлеске ие болды. Украина мен Ресей бұл көрсеткіштерін соғысқа дейін 3-4% шамасында ұстаған. Ал 2022-2023 жылдары бұл елдерде әскери шығындардың ЖІӨ-нің 5,9%-ына дейін өсуі байқалды.

Көрсеткіш деңгейі мен серпіні бойынша Қазақстанды екі санаттағы елдермен салыстыруға болады. Оның біріншісі әдетте әскери шығынның үлесі ірі державалардың қол астындағы немесе әскери-саяси блоктарға кіретін шағын арал мемлекеттерде ғана 1%-ға тең болады. Ал екінші санатта экономикалық даму деңгейі төмен Африканың кедей елдері секілді жағдайда болады.

Қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша Қазақстан экономикалық дамыған мемлекеттер мен әскери күші жоғары елдерден алыста тұр. Global FirePower халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, республика 2023 жылы әскери шығындар бойынша 145 ел арасынан 42-орынға ие болған. Деректерге сүйенсек, ҚР үкіметі әскери қажеттіліктерге 7,5 миллиард АҚШ долларын жұмсаған. 

Ал ешқандай соғыс қаупі жоқ дамыған елдердің көрсеткіштеріне назар салайық: Франция – 49,7 миллиард АҚШ доллары, Ұлыбритания 62,8 миллиард АҚШ доллары, Германия 55,9 миллиард АҚШ доллары, Польша 38,4 миллиард АҚШ доллары, Италия 31,6 миллиард АҚШ долларын бөлген.

Әскери бюджеті 831,8 миллиард долларға жақындаған АҚШ бірінші орында. Екінші орынды үлкен маржамен өткен жылы өз армиясын қорғауға және дайындауға 227 миллиард доллар жұмсаған Қытай тұр. Ал Ресейдің шығыны өсуін ескергеннің өзінде 109 миллиард АҚШ долларын бөлген.

Қазақстан, ҚР қаржы министрлігінің (Қаржымині) деректеріне сүйенсек, 2020 жылдан бастап мемлекет бюджеттің қорғанысқа арналған шығындарын жыл сайын ұлғайтып келеді. 2022 жылы қаңтардағы елдегі оқиғалар мен әлемдегі геосаяси шиеленіс кезеңі басталғаннан кейін бірден 49,4% айтарлықтай өсім болған. Ал Украинада соғыс басталғаннан бір апта өткен соң Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын реформалау жөнінде кеңес өткізіп, "әскерлерді қолданудың жаңа әдістерін енгізе отырып, жауынгерлік даярлық бағдарламасын қайта қарауды" тапсырған. Сол жылы әскери бюджет алғаш рет 1 триллион теңгеге жеткен. Өткен жылы елімізде қорғанысты қаржыландыру деңгейі 1,2 триллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

ҚР ҚМ сайтында жарияланған құжаттарға сүйенсек, 2024 жылы қорғаныс шығыны 1,3 триллион теңге болуға тиіс (2023 жылға қарай 8,8% өсіммен). Үдемелі динамикаға қарамастан, Қазақстандағы әскери шығындардың өсуі ЖІӨ-нің өсуімен толық байланысты емес. Салыстырмалы талдауға сүйене отырып, ЖІӨ-нің әскери шығындар үлесінің қазіргі көрсеткіші дамыған елдердің тенденцияларынан алыс қалғанын ұғуға болады.

Талқылау