Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы ең ұзын автомобиль тоннелі қолданысқа берілді

Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрге тең. Оның ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр. Тоннелдің ресми ашылу салтанатына көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылды. Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.

“Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған. Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өтті. Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды”, – деп мәлімдеді көлік министрлігі.


  • Қазақстанда жүк көлігінің салмағы нормадан асып кеткен жүргізушілерге 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынбақ

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталып, жол қызметтеріне нұсқаулық берілді.

Бұған дейін катарлық инвестор Атырау әуежайының құрылысына 24 миллиард теңге инвестиция бөлетіні туралы жазған едік.

Талқылау