Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру бесінші жыл қатарынан өткізілмейтін болды
Биыл елімізде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Akorda.kz
Қорғаныс министрлігі мемлекет бюджетін шеруге жұмсағанша, үнемдеуді жөн көрген.
“Еліміздің Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын қажетті деңгейге көтеруге басымды беру керек”, – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салайық, 2022 және 2023 жылдары Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай әскери парад қаржыны үнемдеу және өзге де мәселелерді шешу үшін өткізілмеген еді. Ал 2020 және 2021 жылдары парад коронавирус пандемиясына байланысты өткізілген жоқ.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"