Қазақстандық ғалымдар отандық препараттың коронавирусқа қарсы тиімді екенін айтты: Неге ол қолданылмайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жасалып жатқан коронавирусқа қарсы препараттар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында министр елімізде бірқатар дәрі дайындалып жатқанын айтты. Ол препараттар әуелі жануарларға тексеріліп, артынша пайдасы дәлелденгеннен кейін ғана қолданысқа берілетінін мәлімдеді. Қазіргі таңда, пайдасы дәлелденген препараттың жоқ екенін жеткізді ол. 

"Желіде Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар ойлап табылғаны туралы ақпарат болды. Біз қазіргі таңда қандай препараттар дайындалып жатқаны туралы білеміз. Кез келген препарат Қазақстанда қатаң тексеруден өтеді. Әуелі жануаларға тексеріледі. Препаратттың қай жерде өндірілгеніне қарамастан, олар тексеруден өтеді. Отандық препараттарды қолдану туралы ақпаратқа қатысты, толыққанды тексеру жүргізіледі. Олар оң нәтиже берсе ғана, қолданылады. Қазақстанда жасалса да, басқа жерде жасалса да дәрінің пайдасы анықталуы керек", - дейді Цой. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі ең жаман сценарийге дайын болуымыз керек екенін айтқан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр