Қазақстанда жаңа туған сәбилерді қауіп тобына қарай бөледі: Неонаталдық көмек көрсету стандарты жаңартылды
Фото: istockphoto
Қазақстанда неонатальдық көмек көрсету стандарты жаңартылды. Бұл өзгерістер 4 қыркүйектен бастап іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перзентханадан шығару кезінде барлық балаларды үш санатқа мына белгілер бойынша бөледі:
Жоғары қауіп:
• Жүктіліктің 28-аптасына дейін туып қалған және/немесе салмағы 1000 грамнан аз сәбилер;
• Ағасы зақымданған, соның ішінде туа біткен кемістігі бар балалар;
• Туберкулез, АИТВ, гепатит, бауыр циррозы және т.б. аурулары бар аналардан туған балалар;
• Шала туған балалардағы қаназдық;
• Шала туған балалардың ретинопатиясы (көз ауруы);
• АИТВ жұқпасы бар ата-аналардан туған балалар;
• Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциясы бар аналардан туған балалар;
• Аналардың босанғаннан кейінгі күйзелісі.
Орташа қауіп:
• Салмағы 1000-1500 грамм немесе жүктіліктің 33 аптасына дейін туғандар
• Көптұқымды жүктілік;
• Туу кезінде жарақат алғандар.
Төмен қауіп:
• Салмағы 1500-2500 грамм шала туғандар;
• іріңді-септикалық аурулармен туғандар;
• фототерапия жүргізбейтін неонаталдық сарғаю,
• артық салмағы бар балалар.
Бұл не үшін керек
Дәрігерлер барлық жаңа туған сәбилердің жағдайын бағалайды, бірақ қауіп тобына денсаулығында кінәраты барлар ғана кіреді. Перзентханадан шығар алдында дәрігерлер ата-анасына қауіптер туралы ескертіп, сәбидің денсаулығы туралы барлық мәліметті береді.
Емханаларда дәрігерлер тобы – учаскелік дәрігер, педиатр, невролог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық медбике және басқалар жұмыс істейді.
Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы директоры Айгүл Қасымова айтуынша, бұрын барлық сәбилерді бір графикпен бақыласа, енді мекенжайына барып бақылайды.
"Жоғары қауіп тобындағы балаларға емханадан жеке бақылау жоспары құрылады. Дәрігерлер үйіне барып, салалық мамандар кеңес беріп, тұрақты талдаулар тапсырып, дамуын бақылайды. Патронаждық медбике үнемі келіп, салмағын, тамақтануын және жалпы жағдайын бақылайды. Орташа қауіптегі балаларға да ерекше назар аударылады. Дәрігерлер олардың жағдайы нашарлап кетпеуін бақылап отырады. Төмен қауіп тобындағы сәбилерге олардың денсаулығындағы ерекшеліктерге байланысты стандартты схемамен қарайды", – деді Қасымова.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар 114,7 мың бала тіркелген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көп. 2023 жылы олардың саны 109,4 мың, 2022 жылы – 103,8 мың бала болды.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
